Маңғыстау мақтанышым маңғаз өлкем,
Талайға өзің болдың арман мекен.
Қалар едім мәңгі сенің,құшағыңда,
Бұл дүние бұрынғыдан қалған екен.
Талайға өзің болдың арман мекен.
Қалар едім мәңгі сенің,құшағыңда,
Бұл дүние бұрынғыдан қалған екен.
Маңғыстау құла өңді,құмар дала,
Жусаныңды искей берем құмарлана,
Туған жерім қасиетіңнен айналайын,
Адайларды тоғыстырған бір арнаға.
Жусаныңды искей берем құмарлана,
Туған жерім қасиетіңнен айналайын,
Адайларды тоғыстырған бір арнаға.
Маңғыстау күнде ойын думандатқан,
Асау теңіз қарт Каспийің тулап жатқан,
Шамалды кеш,қоңыр салқын табиғатың,
Мұнар жапқан мұнараңды тұман жапқан.
Асау теңіз қарт Каспийің тулап жатқан,
Шамалды кеш,қоңыр салқын табиғатың,
Мұнар жапқан мұнараңды тұман жапқан.
Маңғыстау жеті жұрттың кеткен жері,
Талай жайсаң жандардың өткен жері,
Ұрпағы үшін ата-бабам жерін қорғап,
Қас батырлар қызыл қанын төккен жері.
Талай жайсаң жандардың өткен жері,
Ұрпағы үшін ата-бабам жерін қорғап,
Қас батырлар қызыл қанын төккен жері.
Маңғыстау сені аңсайды бір көруге,
Ақын,жырау таңдайынан жыр төгуге,
Құшақ ашық досым деген адамзатқа,
Қош келдіңіз! Құмар болса кім келуге.
Ақын,жырау таңдайынан жыр төгуге,
Құшақ ашық досым деген адамзатқа,
Қош келдіңіз! Құмар болса кім келуге.
Самал Адай
Комментариев нет:
Отправить комментарий