Блог төрі

18.06.2016

Маңғыстауым

Армысың Маңғыстауым ақ кербезім,
Кіндік кесіп,асыр салып,өскен жерім,
Ұрпағы үшін ерлігімен,жауын қуып,
Ата-бабам қызыл қанды кешкен жерім.
Абыл,Ақтан,Қашаған өткен жерім,
Есіл,Елбай күйлерін төккен жерім,
Ақбөбекке жыр арнап Қайып сері,
Махаббаттың самалы ескен жерім.
Қолы  жомарт байлардың өткен жері,
Алдарынан мол бақытты күткен жері,
Адайлардың қорлығына шыдай алмай,
Түркпендердің ығысып көшкен жері.
Ауаң қандай шіркін- ай көктемдегі,
Қоңыр салқын бет-жүзіңді өпкендегі,
Жылы шырай қолайлы табиғатың,
Мұз боп қатса, жібіген кек пен шерің.
Қалың Адай ата қоныс тепкен жерім,
Қол астына кірмеген шекпендінің,
Аталардың айбарының арқасында,
Жүргізбеген қас қылғандар өктемдігін!!!
Самал Адай

Комментариев нет:

Отправить комментарий