Блог төрі

13.05.2016

Елiмiзде балалардың 18,3%-ы темекi тартады – әлеуметтiк зерттеу

Елiмiзде балалардың 18,3%-ы темекi тартады – әлеуметтiк зерттеу

Кәмелет жасына толмағандар арасында жүргiзiлген әлеуметтiк зерттеу елiмiздегі балалардың 18,3 пайызының темекi тартатынын көрсеткен. 2012 жылмен салыстарғанда шылым шегетiн балалардың саны 1,4 есеге төмендегенi байқалып отыр. Бұл туралы бүгiн шылым шегу мәселелерiне арналан дөңгелек үстелде Салауатты өмiр салтын қалыптастыру мәселелерi ұлттық орталығының директоры Ақмарал Құрманбаева айтты, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.

«Қазiргi уақытта елiмiзде темекi тартатын жасөспiрiмдер көбейiп отыр. Салауатты өмiр салтын қалыптастыру мәселелерi ұлттық орталығы 3-4 жылда бiр рет зерттеу жүргiзедi. 2015 жылы жүргiзiлген алтыншы зерттеу көрсеткендей, Қазақстанда балалардың 18,3 пайызы, яғни, 11-17 жас аралығындағы 290 970 бала шылым шегедi. 2012 жылмен салыстарғанда елiмiзде кәмелет жасына толмағандардың саны 1,4 есеге төмендегенi байқалады. Жастар арасында кеңiнен тараған кальян, насыбай, шайнайтын темекiнi жастардың 4,7 пайызы тұтынады. Бұл зиянды әдетке негiзiнен қалада тұратын балалар әуес. Қалалықтар ауыл балаларына қарағанда күнделiктi электронды темекiнi 1,6 есе көп тартады», - дейдi А.Құрманбаева.

Ұлттық орталық директорының айтуынша, темекi тарту мәселесi қазiр бүкiл әлемде аса өзектi.

«Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымының мәлiметтерiне сүйенсек, темекi тарту халық арасындағы алдын алуға болатын өлiм-жiтiмнiң негiзгi себептерiнiң бiрi болып отыр. Жыл сайын әлемде 6 миллионға жуық шылым шегушi өмiрден озады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректерiне жүгiнсек, 2030 жылға қарай бұл сан 8 миллионға жетедi», - дейдi ол.

Комментариев нет:

Отправить комментарий