Блог төрі

Показаны сообщения с ярлыком жаңалықтар. Показать все сообщения
Показаны сообщения с ярлыком жаңалықтар. Показать все сообщения

13.05.2016

Алматыда бір жасар қызын сатпақ болған әйел ұсталды


  Алматы қаласының тұрғыны өзінің 1 жасар қызын бөтен әйелге 50 мың теңгеге сатып, кейіннен 670 мың теңгеге сатуға ұсыныс алғаннан кейін басқа адамдарға сатпақшы болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  Ведомствосының баспасөз қызметінің мәліметінше, қыздың анасы Жамбыл облысы Меркі ауданының 25 жастағы тұрғыны болып шықты. Қызын сатып алатын адамды ол Алматыда екі аптадай іздеген. Сатып алушыны іздестіруге әйел өзінің 51 жастағы танысын араластырған. Екеуін де баланы сатып алушыларға беріп, ақшаларын алып жатқан уақытта ұсталған. "Тінту барысында 670 мың теңге табылды. 200 мың теңге қыздың биологиялық анасына, ал қалған 470 мың теңгені делдал өзіне қалдырмақшы болған", - деп хабарлайды Алматы қаласының  ІІД ұйымдасқан қылмыстық топпен күрес басқармасындағылар.

  Полицейлер қызды сату туралы екінші рет жасалған келісім екенін түсіндірді. Осыған дейін 25 жастағы күдікті қызын бөтен әйелге 50 мың теңгеге сатқан. Бірақ одан да табысты ұсынысқа байланысты ол қызын қайта алып кеткен. "Кәмелеткен толмаған баланы сату дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталған әйелдер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстың басқа да жайттары алдағы өндіріс кезінде анықталады", - деді ҰҚКБ қызметкерлері.


Дереккөз: Жанаозен Times










Жаңаөзенде Дулығаны жаңарту үстінде (ФОТО)

Жаңаөзен қаласының "Мұнайшы" мәдениет үйіне қарама-қарсы "Дулыға" ескерткішін жаңарту үстінде


Жаңаөзен қаласында Ұлы Отан Соғысына 71 жылдығына орай Театр қойылымы өтті.

Жаңаөзен қаласының Мұнайшы мәдениет үйінде Ұлы Отан Соғысына 71 жыл толуына қарсы, Мұнайшы м/үйінен құрылған театр қойылымы өтті.

Ақтөбеде әжетханаға тасталған сәбиді құтқару сәтінің видеосы пайда болды


Видеода нәрестенің бірнеше минут бұрын туылғаны көрініп тұр, оның кіндігін оқиға орнына келген дәрігерлер кесті. Ілек полиция бөлімінің қызметкерлері аймақты тексеруге көшті. Оқиға орнын қараған полицейлер белгісіз әйелдің әжетханада босанғанын, сөйтіп, қазылған шұңқырына тастап кеткенін анықтады. Нәресте облыстық перзентханаға жеткізілді. Оның шешесін іздеуге облыстық ІІД қызметкерлері кірісті. 

Перзентханадағылар кейін қыздың аман-сау екенін хабарлады. Оның салмағы 3 келі 80 грамм, бойы 52 сантиметр. Қазіргі уақытта нәресте дәрігерлердің қарауында, дәрігерлер оның жақсы тамақтанып жатқанын айтты.



Еске салайық, кеше Ақтөбенің 41 жастағы тұрғыны Молдағали Орынбасаров көшедегі әжетханадан нәресте тауып алған еді. Ер адам әжетхана есігін ашқан кезде қыз бала қалтаға оралып, шұңқырда жатқан екен. Молдағалидің айтуынша, ол ең алдымен "102" номеріне, кейін жедел жәрдем қызметіне хабарласқан. Дегенмен ол полицейлер мен дәрігерлер келгенге дейін шыдамай, шұңқырға түсіп, нәрестені алып шығады.



Ресейлік шенеунік Еуразиялық одаққа ортақ валюта енгізудің қисынсыз екенін айтты.

Ресейлік шенеунік Еуразиялық одаққа ортақ валюта енгізудің қисынсыз екенін айтты.
Еуразия экономикалық комиссиясының макроэкономика және негізгі интеграциялық бағыттар бойынша министрі Татьяна Валовая бүгін қазір Еуразия экономикалық одағы (ЕАЭО) территориясында ортақ валюта енгізудің қажеттілігі жоғын мәлімдеді.
Валовая ортақ валюта енгізуге "сұраныс та, шарт та жоғын" айтқан деп жазады Азаттық.

Татьяна Валоваяның сөзінше, ЕАЭО Еуропа Одағының (ЕО) тәжірибесін зерттеп, ЕО ортақ валюта енгізгенде "кейбір шарттарды ескермей, бірқатар қателік жіберген" деген қорытынды жасаған.

Наурыз айында Ресей президенті Владимир Путин Орталық банк пен Ресей үкіметіне ЕАЭО-ға мүше елдердің орталық банктерімен 1 қыркүйекке дейін ЕАЭО-да ортақ ақша шығару мәселесін пысықтауды тапсырған.

Өткен жылдың соңында Қазақстан Ұлттық банкі төрағасы Данияр Ақышев ЕАЭО-ға кіретін елдер ортақ валюта құру мәселесін талқыламайтынын мәлімдеген. Мұның алдында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ЕАЭО-ның ортақ валютасын жасау мәселесі "күн тәртібінде тұрмағанын" айтқан.

ЕАЭО 2015 жылдың 1 қаңтарынан жұмыс істей бастаған. Қазір одаққа Ресей, Қазақстан, Беларусь, Армения және Қырғызстан кіргенімен ұйымда Мәскеудің ұстанымы басымдыққа ие.

Елiмiзде балалардың 18,3%-ы темекi тартады – әлеуметтiк зерттеу

Елiмiзде балалардың 18,3%-ы темекi тартады – әлеуметтiк зерттеу

Кәмелет жасына толмағандар арасында жүргiзiлген әлеуметтiк зерттеу елiмiздегі балалардың 18,3 пайызының темекi тартатынын көрсеткен. 2012 жылмен салыстарғанда шылым шегетiн балалардың саны 1,4 есеге төмендегенi байқалып отыр. Бұл туралы бүгiн шылым шегу мәселелерiне арналан дөңгелек үстелде Салауатты өмiр салтын қалыптастыру мәселелерi ұлттық орталығының директоры Ақмарал Құрманбаева айтты, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.

«Қазiргi уақытта елiмiзде темекi тартатын жасөспiрiмдер көбейiп отыр. Салауатты өмiр салтын қалыптастыру мәселелерi ұлттық орталығы 3-4 жылда бiр рет зерттеу жүргiзедi. 2015 жылы жүргiзiлген алтыншы зерттеу көрсеткендей, Қазақстанда балалардың 18,3 пайызы, яғни, 11-17 жас аралығындағы 290 970 бала шылым шегедi. 2012 жылмен салыстарғанда елiмiзде кәмелет жасына толмағандардың саны 1,4 есеге төмендегенi байқалады. Жастар арасында кеңiнен тараған кальян, насыбай, шайнайтын темекiнi жастардың 4,7 пайызы тұтынады. Бұл зиянды әдетке негiзiнен қалада тұратын балалар әуес. Қалалықтар ауыл балаларына қарағанда күнделiктi электронды темекiнi 1,6 есе көп тартады», - дейдi А.Құрманбаева.

Ұлттық орталық директорының айтуынша, темекi тарту мәселесi қазiр бүкiл әлемде аса өзектi.

«Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымының мәлiметтерiне сүйенсек, темекi тарту халық арасындағы алдын алуға болатын өлiм-жiтiмнiң негiзгi себептерiнiң бiрi болып отыр. Жыл сайын әлемде 6 миллионға жуық шылым шегушi өмiрден озады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректерiне жүгiнсек, 2030 жылға қарай бұл сан 8 миллионға жетедi», - дейдi ол.

АҚШ-та М.Әбіләзов пен В. Храпуновтың қылмыстық тобы ұрлаған 20 миллион доллардан астам қаржы оқшауландырылды

АҚШ-та М.Әбіләзов пен В. Храпуновтың қылмыстық тобы ұрлаған 20 миллион доллардан астам қаржы оқшауландырылды

БТА Банк, Алматы қаласының әкімдігі және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бірлескен жұмыс нәтижесінде АҚШ-та М.Әбіләзов пен В.Храпуновтың қылмыстық тобы ұрлаған ондаған миллион доллар оқшауландырылды.

2014 жылдың мамыр айында Алматы қаласының құзіретті өкілдері АҚШ-тағы Калифорния штатының сотына В.Храпуновқа және онымен аффилиирленген тұлғаларға қарсы талап-арыздарын берді. Іс жүргізу Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қолдауымен өткізілді. АҚШ-тағы сот талқылау барысындағы міндетті ақпаратты ашып көрсету нәтижесінде Қазақстаннан ұрлаған және алып шығарған активтер айқындалды.

Қылмыстық қудалаудан және олар ұрлаған ақшаның тәркіленуінен қауіптеніп, М.Әбіләзов пен В. Храпунов АҚШ юрисдикциясынан активтерін жедел әкету мақсатымен мүліктерін сата бастаған.

Атап айтқанда, Нью-Йорктегі отельді апартаменттерге реконструкциялау бойынша жобадағы үлес едәуір төмендетілген. Салынған 40 млн. АҚШ доллардың орнына Әбіләзов пен Храпунов өз үлесін 21 млн. АҚШ долларына сатуға әрекет жасады. Алайда девелопер мен олардың арасында сот дауы басталды.

БТА Банк, Алматы әкімдігі және Әділет министрлігі іске араласты және 21 млн. АҚШ доллар қаражаттардың табыстауын оқшауландырды. Қазіргі кезде АҚШ-тың Нью-Йорк штатының сотында және федералды сотында оқшауландырылған ақша қаражаттарын қайтару бойынша жұмыс жүргізілуде, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің баспасөз қызметі.

08.03.2016

7 Наурыз күні Жаңаөзенде қатты жаңбыр жауды

Жаңаөзен қаласында жаңбыр қатты жауды, форс мажорлық жағдай болған емес. Бірақ бірнеше үйлердің жарықтары сөніп қалғанын айтады Жаңаөзендік тұрғындар.

Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен еліміздің Сыртқы істер министрінің төрт орынбасары бірден ауысты.

Осы аптада елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өкімімен еліміздің Сыртқы істер министрінің төрт орынбасары бірден ауысты.

Сондай-ақ Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне зор еңбек сіңірген Жанар Айтжанова Швейцариядағы елші болып тағайындалды. ҚазАқпарат апта ішіндегі осы және өзге де тағайындауға шолу жасайды.

Сонымен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары қызметіне Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді тағайыналды. Ол Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Ағылшын, корей және жапон тілдерін жетік біледі. 1993 жылдан бері еліміздің Сыртқы істер министрлігі жүйесінде жұмыс істеген.

Келесі вице-министр Ақылбек Әбсатұлы Камалдинов де Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. 2007 жылдан бері Қазақстанның Жапониядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болған.

Ал вице-министр Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев Қызылорда облысында дүниеге келген. М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін тәмамдаған. Философия ғылымдарының кандидаты. 2009 жылдан Қазақстанның Латвия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарған.

СІМ вице-министрі Роман Юрьевич Василенко Шымкент қаласында дүниеге келген. Ресей Қарулы күштерінің Экономика, қаржы және құқық әскери академиясын бітірген. 2014 жылдан бері СІМ Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы болды.

Ал Жанар Айтжанова Қазақ мемлекеттік университет, Біріккен Вена институтын, Гарвард университетінің Кеннеди атындағы мемлекеттік басқару мектебін бітірген. 2011 жылдан бері еліміздің Экономикалық интеграция істері министрі болып, Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне зор еңбек сіңірген.

Үнзила Шапақ Конституциялық Кеңес мүшесі болып тағайындалды. Ол 1973 жылы туған, жоғары заңгерлік білімі, заң ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесі бар. 2011 жылдан бері «Қазақ Мемлекеттік Заң университеті» АҚ Жоғарғы құқық мектебінің директоры қызметін атқарып келген.

Ұзақбай Қарабалин KAZENERGY қауымдастығы төрағасының орынбасары болып тағайындалды. ол 1947 жылы 14 қазанда Атырау облысы Ембі ауданы Қосшағыл кентінде дүниеге келген. 1970 жылы И.М. Губкин атындағы Мәскеу мұнай-химия және газ өнеркәсібі институтын «Мұнай мен газ кеніштерін игерудің кешенді механикаландыру және технологиясы» мамандығы бойынша тәмамдаған. Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академияның академигі, 40-тан астам мақала, кітап, 5 өнертапқыштық жаңалықтың авторы. Қазақстанның Еңбек Ері.

3-дәрежелі «Барыс» орденімен (2005 ж.), «Құрмет» орденімен (2000 ж.), «Отличник разведки недр СССР» белгісімен (1988 ж.), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерейтойлық медалімен (2005 ж.), «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» мерейтойлық медалімен (2006 ж.), «Лидер российской экономики» орденімен (2005 ж.), Қазақстан Республикасы жер қойнауынның құрметті барлаушысы» (2003 ж.) атағымен марапатталған.

Источник: ИА "Казинформ"

25.02.2016

Жаңаөзен қаласында таксидің бағасы көтерілуі мүмкін.

Жаңаөзен қаласында Такси құны небәрі 150тг.
Бірақ қаланың іші-сырты да тегіс емес. Масқара болып баражатыр.
Такси жүргізушілердің айтуы бойынша, Такси құны 200 теңгеден 500 теңгеге дейін көтеруге такси жүргізушілері ұсынды.

Дүзелбай ағамыздың айтуы бойынша,
Мен өз отбасымды осы такси арқылы асырап жүрмін, басқа жұмыстарға денсаулығым жетпейді деп бір ауызда болайық деді.

Такси жургізушілердің ұсынысы
Қала ішінде 200 теңге болса, қала сыртына 500 теңге.

Сауалнама жалғасып жатыр.

23.02.2016

ОҚО-да 6 жасар баланы ұрлап кеткен әйелге қатысты жаңа дерек шықты (фото)

Оңтүстік Қазақстанда оқушы ұрланды. Ордабасы ауданына қарасты Амангелді ауылындағы мектептен шыққан бірінші сынып оқушысы Мұхаммед Қамшыбекті жасы елулер шамасындағы әйел таксиге отырғызып әкетіпті. Бала оқудан келмеген соң туыстары арада бір сағат өтпей-ақ іздестіре бастаған. 6 жасар ұлдың жоғалғанына 3 тәулік өтіп, бүкіл жұрт болып іздегенмен әзірше нәтиже жоқ.


Мұхамедті Амангелді ауылынан 10 шақырым жердегі Темірланға алып барған такси жүргізушісі Әділбек Бибосынов жасы елуді еңсерген әйел еш күдік тудырмады дейді. Жоғалған баланы танитын жүргізуші тіпті бейтаныс әйелдің Мұхамедті ұрлап бара жатыр деген ой кіріп шықпаған.
Әділбек Бибосынов, такси жүргізушісі:
-Амангелді ауылынан мінді маған. Сөйтіп, Мұхаммедке қалай жағдай дедім, жақсы деді. Күлді, өзі күліп қалған бала. Сонымен Мұхаммедке қайда бара жатырсың дедім. Анау қасындағы апа айтты жауап берді «қазір Темірланға барып ауруханаға барып қайтамыз деді».
Аурухана жанынан түсіріп кеткен соң такси жүргізушісі Мұхамедтің туыстарына хабар берген. Сөйтіп, бірігіп іздей бастайды. Оларға қарапайым тұрғындар да қосылды. Темірланмен жақын маңдағы ауылдардан бастап, 100 шақырым жердегі Түркістан, Созақ, Сарыағаш пен Шымкентке дейін суреттерін іліп жүр. Туыстары тіпті қоғамдық көліктерге парақшалар жабыстырылып, жолаушылардан да көмек сұрауда.
5 баланың үлкені Мұхамедтің суретін сүйіп жылап отырған анасы ұлын қайтарса ол әйелді кешіруге даяр.
Жанна Ағабекова, Мұхаммедтің анасы:
-Баламды әкелсе ешқандай сотқа да бермейміз, істе қозғамаймыз. Тиіспейміз, жайымен жібереміз. Баламды 12 мүшесін аман-есен әкеліп тастаса болды. Қиянат жасамасыншы, баламды ұрып-соқпай.
Осыған дейін такси жүргізушісінің сөзімен жасалған фотороботпен іздеп келген полицейлер бүгін нақты күдіктінің атын атады. Ол мына суреттегі әйел. Жәбірленуші отбасымен бұрын араласқан екен.
Кенжебек Оңдасынов, ОҚО ІІД крминиалды полиция басқармасының бастығы:
- 15 қараша, 1965 жылы туылған, мекен жайы қазіргі таңда белгісіз Сүйіндік Сәндікүл Жүргенбайқызы іздестірілуде. Белгілері: бойы  160-165 см, түр әлпеті ақшыл, толық денелі.

Күдіктінің бұл әулеттен қандай өші бар екенін ата-анасы айта алмады.  Әкесі мұнай компаниясында қара жұмысшысы, ал шешесі үй шаруасында. Сондықтан бұл отбасынан ақша талап ететіндей байлықтары да жоқ. Қазір полицейлер «адам ұрлау» бабы бойынша тергеуді бастады. деп хабарлады ktk.kz

22.02.2016

Алматыда ұлттық Наурыз мерекесіне қыздар жартылай жалаңаш күйде сахнаға шықпақ

Алматыда ұлттық Наурыз мерекесіне қыздар жартылай жалаңаш күйде сахнаға шықпақ 

23 наурыз күні Алматыда өнер иелері ұлттық мерекені өзгеше етіп атап өтпек. Осымен төртінші рет қатарынан қыздар жартылай жалаңаш күйде сахнаға шығып, "боди-арт" өнерін ортаға салады деп хабарлайдыNUR.KZ порталы "Экспресс К" басылымына сілтеме жасап.

«Наурыз» боди-арт фестивалі осы жолы халықаралық деңгейде өтеді деп мәлімдеді іс-шараны ұйымдастырушылар. Қатысуға ниет білдірген елдер арасында Франция, Өзбекстан мен Қырғызстан бар. Олар көктем мейрамына орай түрлі образдар ойластыратын болады.