Дереккөз: Жанаозен Times
Блог төрі
13.05.2016
Алматыда бір жасар қызын сатпақ болған әйел ұсталды
Дереккөз: Жанаозен Times
Ақтөбеде әжетханаға тасталған сәбиді құтқару сәтінің видеосы пайда болды
Перзентханадағылар кейін қыздың аман-сау екенін хабарлады. Оның салмағы 3 келі 80 грамм, бойы 52 сантиметр. Қазіргі уақытта нәресте дәрігерлердің қарауында, дәрігерлер оның жақсы тамақтанып жатқанын айтты.
Еске салайық, кеше Ақтөбенің 41 жастағы тұрғыны Молдағали Орынбасаров көшедегі әжетханадан нәресте тауып алған еді. Ер адам әжетхана есігін ашқан кезде қыз бала қалтаға оралып, шұңқырда жатқан екен. Молдағалидің айтуынша, ол ең алдымен "102" номеріне, кейін жедел жәрдем қызметіне хабарласқан. Дегенмен ол полицейлер мен дәрігерлер келгенге дейін шыдамай, шұңқырға түсіп, нәрестені алып шығады.
Ресейлік шенеунік Еуразиялық одаққа ортақ валюта енгізудің қисынсыз екенін айтты.
Ресейлік шенеунік Еуразиялық одаққа ортақ валюта енгізудің қисынсыз екенін айтты.
Еуразия экономикалық комиссиясының макроэкономика және негізгі интеграциялық бағыттар бойынша министрі Татьяна Валовая бүгін қазір Еуразия экономикалық одағы (ЕАЭО) территориясында ортақ валюта енгізудің қажеттілігі жоғын мәлімдеді.
Валовая ортақ валюта енгізуге "сұраныс та, шарт та жоғын" айтқан деп жазады Азаттық.
Татьяна Валоваяның сөзінше, ЕАЭО Еуропа Одағының (ЕО) тәжірибесін зерттеп, ЕО ортақ валюта енгізгенде "кейбір шарттарды ескермей, бірқатар қателік жіберген" деген қорытынды жасаған.
Наурыз айында Ресей президенті Владимир Путин Орталық банк пен Ресей үкіметіне ЕАЭО-ға мүше елдердің орталық банктерімен 1 қыркүйекке дейін ЕАЭО-да ортақ ақша шығару мәселесін пысықтауды тапсырған.
Өткен жылдың соңында Қазақстан Ұлттық банкі төрағасы Данияр Ақышев ЕАЭО-ға кіретін елдер ортақ валюта құру мәселесін талқыламайтынын мәлімдеген. Мұның алдында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ЕАЭО-ның ортақ валютасын жасау мәселесі "күн тәртібінде тұрмағанын" айтқан.
ЕАЭО 2015 жылдың 1 қаңтарынан жұмыс істей бастаған. Қазір одаққа Ресей, Қазақстан, Беларусь, Армения және Қырғызстан кіргенімен ұйымда Мәскеудің ұстанымы басымдыққа ие.
Еуразия Бірінші Арнасы "Қазақстан Дауысы" бағдарламасының орысша нұсқасын xалыққа ұсынбақ.
Еуразия Бірінші Арнасы "Қазақстан Дауысы" бағдарламасының орысша нұсқасын xалыққа ұсынбақ. "Голос. Казаxстан" шоуы күзде көрерменге жол тартады. Тәлімгерлер ішінде Нұрлан Абдулин мен Әли Оқапов бар.
Ұялы телефонды оятқыш ретінде пайдалану жүйкеге зиян.
Ұялы телефонды оятқыш ретінде пайдалану жүйкеге зиян.
Психологтар оятқыштың дауысы тым қатты болса жүйкеге әсер ететінін айтады. Ал, сағатыңызда лирикалық сарындағы әуендер болса, тәтті ұйқы құшағынан шыға алмай қалуыңыз мүмкін.
Бұл туралы Қазақстан арнасының ресми сайты жазады.
Сағат жөндеуші мамандар қолсағаттан гөрі оятқыштарды көп жөндейтіндерін айтады. 20 жылдан бері осы кәсіппен шұғылданып келе жатқан Иван Гроссу «Көбінесе балалар бұзып тастаған оятқыштарды іске қосамын», дейді.
«Маған көбіне көнеден естелікке қалған антиквариат оятқыштарды жөндетуге әкеледі. Себебі, бұрынғы сағаттар әдемі дизайнымен қатар, әлі күнге дейін іске жарамды механикалық құрылғысымен ерекшеленеді. Сондықтан, ұялы телефоннан гөрі кәдімгі оятқыштарды пайдаланған жөн», - дейді шебер.
Мамандар оятқыш есебінде кварцталған, түрлі әуенді қолсағаттарды қолдануға кеңес береді.
Дереккөз: Телеканал "Казахстан"
Елiмiзде балалардың 18,3%-ы темекi тартады – әлеуметтiк зерттеу
Елiмiзде балалардың 18,3%-ы темекi тартады – әлеуметтiк зерттеу
Кәмелет жасына толмағандар арасында жүргiзiлген әлеуметтiк зерттеу елiмiздегі балалардың 18,3 пайызының темекi тартатынын көрсеткен. 2012 жылмен салыстарғанда шылым шегетiн балалардың саны 1,4 есеге төмендегенi байқалып отыр. Бұл туралы бүгiн шылым шегу мәселелерiне арналан дөңгелек үстелде Салауатты өмiр салтын қалыптастыру мәселелерi ұлттық орталығының директоры Ақмарал Құрманбаева айтты, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.
«Қазiргi уақытта елiмiзде темекi тартатын жасөспiрiмдер көбейiп отыр. Салауатты өмiр салтын қалыптастыру мәселелерi ұлттық орталығы 3-4 жылда бiр рет зерттеу жүргiзедi. 2015 жылы жүргiзiлген алтыншы зерттеу көрсеткендей, Қазақстанда балалардың 18,3 пайызы, яғни, 11-17 жас аралығындағы 290 970 бала шылым шегедi. 2012 жылмен салыстарғанда елiмiзде кәмелет жасына толмағандардың саны 1,4 есеге төмендегенi байқалады. Жастар арасында кеңiнен тараған кальян, насыбай, шайнайтын темекiнi жастардың 4,7 пайызы тұтынады. Бұл зиянды әдетке негiзiнен қалада тұратын балалар әуес. Қалалықтар ауыл балаларына қарағанда күнделiктi электронды темекiнi 1,6 есе көп тартады», - дейдi А.Құрманбаева.
Ұлттық орталық директорының айтуынша, темекi тарту мәселесi қазiр бүкiл әлемде аса өзектi.
«Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымының мәлiметтерiне сүйенсек, темекi тарту халық арасындағы алдын алуға болатын өлiм-жiтiмнiң негiзгi себептерiнiң бiрi болып отыр. Жыл сайын әлемде 6 миллионға жуық шылым шегушi өмiрден озады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректерiне жүгiнсек, 2030 жылға қарай бұл сан 8 миллионға жетедi», - дейдi ол.
Шейн Мозли: Головкин мен Альварес 17 қыркүйекте жұдырықтасады.
Бокстан америкалық экс-чемпион Шейн Мозли Twitter желісіндегі жеке парақшасында қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы жекпе-жектің өтетін уақытын жариялады.
Бұл туралы vesti.kz сайтына сілтемемен massaget.kz хабарлап отыр.
Танымал боксшының жазуы бойынша, жекпе-жек 17 қыркүйекке жоспарланыпты. Ол бұл ақпараттың шындыққа жанасатынын, сондай-ақ оны өзі алғаш болып хабарлап отырғаны туралы да жазды.
"Канело" және GGG - 17 қыркүйек! Меніңше, қыркүйек айында бұл жекпе-жекке тең келер кездесу өте қоймас. Жыл жекпе-жегі болады. «Golden Boy Promotions» атқарған керемет жұмыс! Сіздер «Канело» мен GGG келісімге келгенін әлі естімеген боларсыз? Келіссөздер аяқталды. Сіз мұны бірінші болып оқып отырсыз. Менің жекпе-жегім 28 мамыр күні өтеді. Ал «Канело» мен GGG - 17 қыркүйекте", - деп жазды Шон Мозли.
Айта кетейік, 7 мамыр күні Сауль Альварес Лас-Вегаста Амир Ханға қарсы жекпе-жек өткізіп, WBC тұжырымы бойынша чемпиондық атағын қорғап қалған болатын. Енді WBC ережесіне сәйкес мексикалық қазақстандық боксшымен кездесуі тиіс. Қос боксшы промоутерлерінің келіссөздер жүргізуіне жарты айға жуық уақыт бар.
АҚШ-та М.Әбіләзов пен В. Храпуновтың қылмыстық тобы ұрлаған 20 миллион доллардан астам қаржы оқшауландырылды
АҚШ-та М.Әбіләзов пен В. Храпуновтың қылмыстық тобы ұрлаған 20 миллион доллардан астам қаржы оқшауландырылды
БТА Банк, Алматы қаласының әкімдігі және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бірлескен жұмыс нәтижесінде АҚШ-та М.Әбіләзов пен В.Храпуновтың қылмыстық тобы ұрлаған ондаған миллион доллар оқшауландырылды.
2014 жылдың мамыр айында Алматы қаласының құзіретті өкілдері АҚШ-тағы Калифорния штатының сотына В.Храпуновқа және онымен аффилиирленген тұлғаларға қарсы талап-арыздарын берді. Іс жүргізу Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қолдауымен өткізілді. АҚШ-тағы сот талқылау барысындағы міндетті ақпаратты ашып көрсету нәтижесінде Қазақстаннан ұрлаған және алып шығарған активтер айқындалды.
Қылмыстық қудалаудан және олар ұрлаған ақшаның тәркіленуінен қауіптеніп, М.Әбіләзов пен В. Храпунов АҚШ юрисдикциясынан активтерін жедел әкету мақсатымен мүліктерін сата бастаған.
Атап айтқанда, Нью-Йорктегі отельді апартаменттерге реконструкциялау бойынша жобадағы үлес едәуір төмендетілген. Салынған 40 млн. АҚШ доллардың орнына Әбіләзов пен Храпунов өз үлесін 21 млн. АҚШ долларына сатуға әрекет жасады. Алайда девелопер мен олардың арасында сот дауы басталды.
БТА Банк, Алматы әкімдігі және Әділет министрлігі іске араласты және 21 млн. АҚШ доллар қаражаттардың табыстауын оқшауландырды. Қазіргі кезде АҚШ-тың Нью-Йорк штатының сотында және федералды сотында оқшауландырылған ақша қаражаттарын қайтару бойынша жұмыс жүргізілуде, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің баспасөз қызметі.
«Восточный» ғарыш айлағы іске қосылғанына қарамастан, Ресей «Байқоңырда» жұмысын жалғастырады - В.Матвиенко
«Восточный» ғарыш айлағы іске қосылғанына қарамастан, Ресей «Байқоңырда» жұмысын жалғастырады - В.Матвиенко.
Ресей тарапы «Байқоңырды» пайдалану бойынша Қазақстанмен ынтымақтастықты жалғастырады.
Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездескеннен кейін РФ Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің Төрайымы Валентина Матвиенко мәлім етті.
«Бүгінде «Байқоңыр» ғарыш айлағын пайдалану бойынша Қазақстан мен Ресей қатынастары екі тәуелсіз мемлекеттер ретінде жаңа құқықтық негізде құрылуда. Біздер 2050 жылға дейін «Байқоңырды» жалға алу туралы келісімді бекіттік, сондай-ақ ғарыш кеңістігін игеруде біздің бірлескен белсенді қызметтер үшін барлық құқықтық жағдайлар жасалды. Шынымен де жаңа «Восточный» ғарыш айлағынан зымыран тасығыштың ұшырылуы Ресей үшін үлкен оқиға болды. Бұл біз үшін өте маңызды. Дегенмен де «Байқоңырды» пайдалану бойынша Қазақстанмен ынтымақтастықты тоқтатпайтынымыз анық», - деді В.Матвиенко.
Осы ретте ол «Байқоңыр» сұранысқа ие екенін және ұзақ уақыт бойы пайдаланылатынын атап өтті.
«Атап айтқанда, «Восточный» және «Байқоңыр» бәсекелес емес, бұл ғарыш айлақтары серіктестер. Сондықтан да біз Қазақстанмен бірлесе ғарыш бағдарламаларын игеріп, алға жылжимыз», - деді В.Матвиенко.
23.02.2016
ОҚО-да 6 жасар баланы ұрлап кеткен әйелге қатысты жаңа дерек шықты (фото)
22.02.2016
Алматыда ұлттық Наурыз мерекесіне қыздар жартылай жалаңаш күйде сахнаға шықпақ
23 наурыз күні Алматыда өнер иелері ұлттық мерекені өзгеше етіп атап өтпек. Осымен төртінші рет қатарынан қыздар жартылай жалаңаш күйде сахнаға шығып, "боди-арт" өнерін ортаға салады деп хабарлайдыNUR.KZ порталы "Экспресс К" басылымына сілтеме жасап.
«Наурыз» боди-арт фестивалі осы жолы халықаралық деңгейде өтеді деп мәлімдеді іс-шараны ұйымдастырушылар. Қатысуға ниет білдірген елдер арасында Франция, Өзбекстан мен Қырғызстан бар. Олар көктем мейрамына орай түрлі образдар ойластыратын болады.







